Қазақстан • 15 Тамыз, 2022

Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ресей Федерациясынан заңсыз тасымалданған 13 мың литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлім еткендей, көрші елден тасымалданған алакогольдің 10 мың литрден астамы пластикалық ыдыста сақталған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған тыйым салынады. Сондықтан, іс құқық қорғау органдарына жолданды.

«Тексеріс кезінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін цех анықталды. Онда арнайы құрылғы мен спирт арқылы түрлі ішімдік дайындалған. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана зиян келтіріп қоймай, халықтың денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді», делінген департамент хабарламасында.