АСТАНА.7 мамыр. Астанада өткен әскери шеруде Мемлекет басшысы қорғаныс саласына заман талабына сай кең ауқымда қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Президент әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты көптеген жұмыстар атқарылғанын айта отырып: «Армия заманауи қару-жарақпен жабдықталуда, жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады, сарбаздар мен офицерлерді әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етіп келеміз. Барлық жерде әскери қалашықтар абаттандырылып, жаңа баспана, спорт кешендері салынып жатыр. Бұл – елдің армиямызға деген қамқорлығы. Қазақстанның Қарулы Күштері, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бәрі алдарына қойылған міндеттерін лайықты орындауда», – деді.
Мемлекет басшысы 2015 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толатынын, оны кеңінен атап өту қажет деп санайтынын жеткізді. Ол: «Әрбір ардагерге көңіл бөліп, қолдау көрсету керек. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен ерлер рухын біз әрдайым қастер тұтамыз. Біз ХХІ ғасырда бейбітшілікке бағытталған жаһандық ауқымдағы бастамалар көтеріп, жүзеге асырудамыз. Қазақстан – ядролық қаруға қарсы жалпыға ортақ дүниежүзілік қозғалыстың локомотиві, бұны бүкіл әлем жоғары бағалап отыр», – деді.
Сондай-ақ, Президент Отан қорғаушыларға қарата: «Өз қастерлі борыштарыңызды абыроймен атқарыңыздар. Сіздердің басты міндеттеріңіз – туған жердің тыныштығын күзету, тәуелсіздігімізді аянбай қорғау. Сіздер қазақстандықтардың барлық буыны үшін ар-намыстың, жауапкершіліктің, патриотизмнің үлгісі болуға тиіссіздер. Бүгінгі шеру – армиямыздың қуатын, биік жауынгерлік рухын және дайындығын көрсетудің тағы бір мүмкіндігі, – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: kagro.kz.
• 07 Мамыр, 2014
Елімізде әскери қызметкерлерге барлық жағдай жасалған

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады
Президент • Бүгін, 11:40
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:30
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Табиғат • Бүгін, 11:10
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10