«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасымен жүздеседі», деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып, қайта оралмады. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған еді.