Соған қарамастан, аталған командалар материалдық тұрғыдан біраз олжаға кенелген көрінеді. KazFootball.kz сайты таратқан мәліметке сүйенсек, биылғы маусымда қазақстандық клубтар 2 117 000 АҚШ доллары көлемінде пайда тапты. Тарқатып айтсақ, «Тобылдың» есепшотына 845 000 доллар түскен. Оның 285 000-ы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны және 560 000-ы Конференция лигасының үшінші кезеңіне шыққаны үшін. Соңғы жарыста дәл сол межеден көрінген «Қызылжарға» да 560 000 доллар тиесілі.
Ал «Астана» мен «Қайраттың» Конференция кубогының екінші кезеңінде сүрінгені мәлім. Сол межеге жеткені үшін олардың қазынасы 356 000 долларға толығады.