Теннис • 16 Тамыз, 2022

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты. Е.Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 38-орындағы Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен ойнайды.

Жүлде қоры 2,5 млн АҚШ долларынан асатын Цинциннати жарысы 21 тамызда мәреге жетеді. Өткен жылы мұнда биыл тенниспен қош айтысқан әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти үздік шыққан болатын.