Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  «Ашық сағат алаңында» еліміздегі жолдардың сапасы сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді

Жүк тасымалымен айналысатын Кирилл Гадецкий есімді азамат Қызылорда және Ақтөбе облыстары шектесетін аймақтағы жолдың сапасы сын көтермейтінін айтты.

«Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі-ақ. Алайда ай өтпей жол төсеніштері ойылып, тереңдігі 40 сантиметрге жуықтайтын ой-шұңқырлар пайда болады. Бұл – жол-көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіреді», деді кәсіпкер.

Өз кезегінде Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы «Қызылорда – Арал – Ақтөбе» бағытындағы жол торабының тозғандығын растады.

«Аталған аймақтағы көлік ағыны өте көп. Ал ондағы жол мұндай көлемге шақталмаған. Қазіргі күндегі көлік ағынының көлемін есепке ала отырып, алдағы уақытта бұл жол аумағына бірінші категория бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған дейін қысқа мерзімді жөндеу жұмыстары іске асады», деп атап өтті Т. Абдуллин.

Ал Степногорск қаласының тұрғыны, блогер Артем Сочнев жол жөндеу жұмыстары барысындағы бірқатар мәселені алға тартты.

«Қазір Бестөбе ауылының маңайында асфальт төсеніштерін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қажетті материалды мердігер компания 300 шақырым жерден тасымалдайды. Жүк тиеген көліктердің шамадан тыс ауыр салмағынан беті тегіс жолдарда ой-шұңқырлар пайда болуда. Бір жол жөнделсе, енді бірі бүлінуде», деді Артем Сочнев.