Аltaynews.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Сәния үй әрлеу, еурожөндеу жұмыстарымен айналысады. Ол 12 тамыз күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне бет алған. Содан бері хабар-ошарсыз. Үйінде жақындары мен 3 баласы күтіп отыр.
Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел дін жолындағы жан. Ішімдікке немесе басқа зиянды әдеттерге үйір емес.
Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.