Елорда • 17 Тамыз, 2022

Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген

10804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың полиция қызметкерлері дәріханалық нашақорлықтың фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген

Елордалық Полиция департаменті қала бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрады. Осыған қарамастан, жосықсыз фармацевттер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды рецептсіз сатуды жалғастыруда. Мәселен, елордалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жангелдин және Сығанақ көшелерінің бойындағы дәріханаларда жедел алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде ЖК-ның біріне тиесілі «дәрілік препаратты дәрігердің рецептісіз босату» фактілері қайта құжатталған.

«ЖК иесіне қатысты ӘҚБтК 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріханалардың қызметін 6 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Осыған ұқсас факті Молдағұлова көшесіндегі дәріханада анықталды, онда сот шешімі бойынша 199 095 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 7 фактіні анықтады.