Қоғам • 17 Тамыз, 2022

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соғыс жылдарында майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Қалей Дүзбаевтың сүйегі Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

«Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Олар бүгінгі Отан қорғаушылар үшін мұқалмас рухтың, қажымас қайраттың, жанқияр ерліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі. Біздің бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымыз батыр бабалардың ерлігін тарихта сақтауға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге едәуір үлес қосатынына сенімдімін», деді Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.с

1902 жылы Батыс Қазақстан облысында туған Қалей Дүзбаевтың жерленген жерін 9 шілдеде Ленинград облысының Тосненск ауданындағы «Заслон» іздеу жасағының мүшелері тапқан болатын. Оның кімге тиесілі екені сарбаз медальонында сақталған жазбасына қарап анықталды.

«Atamnyn аmanaty» іздестіру жасағының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев атап өткендей, бұл күндері Калужск облысындағы әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық біріккен жасақ қатысып жатыр. Ол екі ел іздеушілерінің бірлескен жұмысы жаңа серпін алатынына сенімді.

Маусым айында қазақстандық үш жауынгер – Төлеген Үркербаевтың, Петр Абрамович Фоменконың, Николай Матвеевич Гуровтың сүйектерін елге жеткізу мен қайта жерлеу рәсімдері ұйымдастырылған.

Қалей Дүзбаевтың сүйегін қайта жерлеу рәсімі оның туған жерінде әскери құрметке сай өткізіледі.