Оқиға • 17 Тамыз, 2022

Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апаты Жұлдыз ықшамауданында 21-мектепке қарама-қарсы жолда болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды

«Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі басты жолдағы «Lexus» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі үйге жіберілген.

«Toyota Camry» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.