Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда аустралиялық Саманта Стосур - тайбэйлік Латиша Чаньмен кездесті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыластары 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен таласады.
Беатрис пен Анна биыл жыл басында Сидней WTA 500 додасында үздік шыққан еді.