«Тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көлік қызметін жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 автобус бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды. Осылайша сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады», делінген хабарламада.
Бағдар қозғалысы мынадай: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін.
Еске салайық, 8 тамызда Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір ашылған болатын.