Елорда • 18 Тамыз, 2022

Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында балалар тауарларының «KIDS EXPO. Балалар әлемі» бірінші қалалық көрме-жәрмеңкесі ашылды. Бірінші күні іс-шараға 10 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды

«KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі EXPO Халықаралық көрме орталығында 17-21 тамыз аралығында сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

«Kids EXPO. Балалар әлемі»  - бұл кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық индустриясы, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тауарлар мен қызметтер өкілдерін бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берген алғашқы ірі қалалық жоба.

г

Көрменің негізгі бағыты - білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолөнер), балалар сәні мен киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және тағы басқалар.

5 күн ішінде жергілікті тауар өндірушілердің, компаниялар мен ірі брендтердің 100-ге жуық қатысушысы өз өнімдерін ең қолайлы бағамен ұсынады.

Жәрмеңкеге Marwin, Abdi, FasTracKids, Utaria, CAES, Роботек, Foliant, «Алматы кітап» басылымдары және басқа да ірі брендтер қатысады.

н