Қазақстан • 19 Тамыз, 2022

60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды

209 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының Ақмола облысына сапары барысында мемлекет меншігіне 60 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Енді бұл жер учаске­лерін ауыл тұрғындары мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланатын болады. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет мен­ші­гі­не қай­та­ру жөнінде нақты тапсырма берген болатын.

Партия хатшысы Дәулет Кәрібек ауыл шар­уа­­­шылығы тауар өнді­ру­­­ші­­лерімен меморан­дум жа­­сал­­ғанын атап өтті. Со­ған сәйкес, шаруалар 333 мың гектар жерді бұдан былай ауыл тұрғындарымен бірлесіп пайдаланады.

«Ақмола облысының тұрғын­дары үшін жайылым жердің жетіс­пеушілігі өте өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан комиссия мүшелері мұнда белсенді жұмыс істеп жатыр. Мем­лек­еттік органдармен және ірі меншік иелерімен бірле­сіп қабылдаған шешім­дер­дің орындалу барысына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз», деді ко­мис­сия мүшесі, қоғам қай­рат­к­ері Ғалым Байтоқ.

Танымал журналист,­ комиссия мүшесі Мақсат Толықбай комис­сия өкіл­де­рінің 3 айдан бері өңірлерді аралап келе жатқанын айтты. «Мем­ле­кеттік орган­дар­дың өкілдері мен партия­лық­тардан бөлек, комиссия құрамында қоғам белсен­ді­лері және заңгерлер бар. Жайылым мәселесі ұзақ уа­қыт бойы қордаланып келді. Оны бір күнде шешу мүмкін емес. Сондықтан партияның барлық тетігін іске қосып, әр облыстағы мәселені бірлесіп шешіп келеміз», деді М.Толықбай.

Кездесу барысында Атбасар ауданы Сочинское ауы­лының тұрғыны Асыл­хан Тастеміров елді ме­­кен­ге бекітілген 6 мың гек­­­тар жа­йы­лымның аздық етіп отыр­­ғанын жеткізді.

«Ауылда 200-ге жуық үй бар. Тұрғындардың барлығы дерлік мал шаруа­шы­лы­ғы­мен айналысады. Ауыл халқы ірі қара, жылқы өсіріп жан бағып отыр. Жайылым мәселесі өте өзекті. Комис­сия осы мәселені шешуге көмектеседі деп үмітте­не­міз», деді ауыл тұрғыны.

Осы күні «Жер аманаты» комис­сиясының мүше­ле­рі Сан­дықтау ауданында жер мәсе­­лесі бойынша азаматтарды қабыл­дады. Тұрғындар тарапы­нан ай­тыл­ған барлық мәселе пар­тия­лық бақы­лауға алынды.

Айта кетейік, соңғы бір­неше ай ішінде комис­сия мүшелері Жетісу, Қара­ған­д­ы, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыс­та­рын­да болды. Жалпы, «Жер аманаты» комиссия­сы­ның көме­гі­мен 350 мың гектардан астам жер мем­ле­кет­тік меншікке қайта­рыл­ды.

Жер мәселелерін неғұр­лым жедел шешу үшін қазақ­стандықтар барлық заң бұзу фактілері туралы партияның «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефонына хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.