Спорт • 19 Тамыз, 2022

Боз кілемде – бұрымдылар

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Софияда әйелдер күре­сінен жастар арасындағы (U-20) әлем бірін­шілігі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, біз­дің бұрымдыларға әзірге жеңіс тұғы­рына көтерілу бақыты бұйырмады.

Боз кілемде – бұрымдылар

Жерлестеріміздің арасынан тек Мәдина Аман ғана жүлделі орын үшін таласу мүм­кіндігін сақтап қалды. Бастапқы бәсекеле­рінде басымдық танытқан 59 кило салмақта белдесетін Мәдина жартылай финалда ма­жар­стандық Виктория Боршошқа небәрі бір ұпай айырмашылығымен ұтылды. Кеше ол қола медаль үшін таласты. Өкінішке қарай, әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күні Лаура Ғаниқызы (50 кило), Айнұр Әшімова (55 кило), Жібекжан Сабыржанова (68 кило) және Алина Ертөстік (76 кило) тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.

Бүгін 53, 57, 62, 65 және 72 кило салмақ дәрежелерінің жүлделері сарапқа салынады. Ал одан кейін грек-рим күресі шеберлерінің бәсекелері өтеді.