Ауа райы • 19 Тамыз, 2022

Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады

«Ауқымды солтүстік батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауады. Республика бойынша кей өңірде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02