Оқиға • 19 Тамыз, 2022

Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша 35 жастағы рецидивист пен оның 36 жастағы серігіне қатысты іс қозғалды. Олар жалған құжат жасау және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды

«Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұялы байланыс операторларының бірінің 10 миллион теңгеден астам мүлкін заңсыз иемденіп алған. Олардың алдау жоспары 2021 жылдың желтоқсан айында жасалады. Жалған жеке куәлік арқылы еліміздің әр өңірінен несиеге ұялы телефон сатып алған. Сонымен қатар, олар мобильді құрылғылардың белгілі бір үлгілерін сату үшін арнайы науқандарды пайдаланады. Тергеудің осы кезеңінде 54 алаяқтық дерегі анықталды», деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Ғалым Қасымбаев.

Осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін 35 жастағы М. есімді күдікті бұрын да бірнеше рет сотталған. Қазір ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 385-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық іс сотқа жолданды.