Қоғам • 19 Тамыз, 2022

Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Порталдағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстандағы жер пайдаланушылар туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді

Шілде айының ортасында базада техникалық ақау шығып, жер учаскелері туралы толық мәлімет алу мүмкін болмай қалған еді. Жүйедегі ақаулардың себептері анықталып, 12 тамыз күні техникалық жұмыстар аяқталды. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалпына келтірілді.

Министрліктің мәлімдеуінше, aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстандағы жер пайдаланушылар туралы ақпарат білуге мүмкіндігі бар.