Оқиға • 19 Тамыз, 2022

Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда жас жігіт көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлап, көз жұмды деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақтауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті

Оқиға 18 тамызда түскі уақытта болған.

«102 кезекші пультіне 12-шағынаудан 37-үйдің 11-қабатынан ер адамның құлағаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр», деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.