Президент • 19 Тамыз, 2022

Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласындағы сапары аясында өткен Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің болашағына қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ

Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси жағдайдағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелеріне назар аударды.

«Геосаяси жағдайдың ерекшелігі үкіметтерімізге қосымша нұсқаулар беру үшін келісіп алу қажет екенін көрсетіп отыр. Олар бір-бірімен табысты қызмет етіп келеді. Дегенмен өмірдің өзі жаңа міндеттер қояды және олар шешуді қажет етеді. Жалпы, біздің ынтымақтастығымыздың дамып келе жатқанына қанағаттануға толық негіз бар. Мен бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді ортақ шекара біріктіреді. Ол – әлемдегі ең ұзын, құрлықтағы толығымен делимитацияланған шекара. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағына қатысты пессимистік болжамдар жасауға, әрине, негіз жоқ! Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығымызға қосымша серпін беруге ниеттімін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.