Президент • 19 Тамыз, 2022

ТМД саммиті қазан айында өтеді

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин Сочиде кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД саммиті қазан айында өтеді

«Шын мәнінде, Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық серіктестік негізіндегі қарым-қатынас орнаған. Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынас орнатудың өте маңызды датасын атап өтіп жатырмыз. Осыдан 30 жыл бұрын Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. 2013 жылы осы Шарт елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастар туралы сіз қол қойған жаңа құжатпен толықтырылды. Сондықтан қалыптасқан негіз өте жақсы», деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ және басқа да халықаралық институттар арқылы белсенді ынтымақтасып келе жатқанымызға тоқталды.

«Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Қазан айында ТМД саммиті өтеді. Оған өзіңіз  қатысады деген сенімдеміз. Оның үстіне Ресей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында маңызды рөл атқарады. Бұл – шынымен де халықаралық форматтағы ынтымақтастықтың басым бағыты»,  деді Президент.