Футбол • 20 Тамыз, 2022

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 20 тамызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады

Аталған турдағы алғашқы екі кездесу 19:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Каспий» (Ақтау), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Атырау» командалары арасында болады.

Одан кейін 21:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тұран» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады.

Ал, 21 тамызда 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз», «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 21:00-де «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Ордабасы» командалары алғашқы үштікте келеді.

Соңғы жаңалықтар