Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Малдың қысқы азығына 21 млн тонна шөп дайындалды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мал азығына арналған егістік алқабы 500 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Малдың қысқы азығына 21 млн тонна шөп дайындалды

«Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдардың егіс алаңдары 3,2 млн гектардан 3,7 млн гектарға дейін ұлғайтылды. Жалпы, 2022 жылы еліміздің көптеген аймақтарында қолайлы ауа-райының жағдайы байқалады. Бұл азық дайындау науқанның сәтті өтуіне ықпал етеді», деді министр.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынған жедел деректерге сәйкес, бүгінде 21 млн тонна шөп дайындалды. Бұл жоспардың 87,3 пайызын құрап отыр. Ал жоспар 24,1 млн тоннаны құрайды. Тұтастай алғанда, барлық өңірлерде мал азығын жинау жұмыстарын орындау барысының оң серпіні байқалады.

«22 тамыздағы жағдайы бойынша пішендеме дайындау 1,2 млн тоннаны немесе 90,6 пайызды, сабан 1 млн тоннаны немесе 27,4 пайызды, құнарлы азық 918 мың тоннаны немесе 17,6 пайызды және сүрлем 192 тоннаны немесе бұл жалпы жоспардың 11 пайызды құрайды. Айта кету керек, бұл азық түрлерін дайындау негізінен қыркүйек пен қазан айларында жүргізіледі. Жалпы, министрлік азық дайындау барысына тұрақты мониторинг жүргізуде», деді Ербол Қарашөкеев.