Спорт • 23 Тамыз, 2022

Қазақстан грек-рим күресінен үш медаль жеңіп алды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Софияда (Болгария) грек-рим күресінен U20 әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының активінде үш медаль бар, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан грек-рим күресінен үш медаль жеңіп алды

Ең жақсы нәтиже Юсуф Мациевке тиесілі. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуан күміс медальға ие болды.

Дінмұхамед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) әлем біріншілігін үшінші орында аяқтады.

Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында. Командалық кестені Иран бастап тұр екінші орын Әзербайжанда, Украина үшінші орында.