Спорт • 23 Тамыз, 2022

Алматыда үстел теннисі орталығы пайдалануға берілді

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Алатау ауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Жағымды жаңалықпен Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімінің орынбасары Ертас Бесіров бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үстел теннисі орталығы пайдалануға берілді

Ертас Бесіровтың айтуынша, «Нұркент» шағынауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Орталықтың негізгі залы - 20, жаттығу залы - 8 теннис үстелімен жабдықталған. Залда көрермендерге арналған 328 орын бар. Сондай-ақ 2020-2021 жылдары салынған футбол алаңдарында жаттықтырушылар тегін жаттығулар өткізеді.

«Енді Alatau Creative Hub орталығында балалар тегін үйірмелер мен секцияларға қатыса алады. Спорт және мәдениет бағыттары бойынша тегін оқытатын 9 аула клубы жұмыс істейді. Ал, «Alatau Creative Hub» мәдени-білім беру орталығы балаларды тегін үйірмелерге қабылдайды», деді ол.

Оның айтуынша, жақында аудан тұрғындарымен спорттық және шығармашылық үйірмелерін ашу үшін мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу мәселесі талқыланған. Меншік иесімен ғимаратты сатып алу үшін құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимаратты сатып алғаннан кейін Алматы қаласының тиісті басқармаларымен бірлесіп үйірмелер ашу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары базасында бірлескен үйірмелер ашу көзделген.