Қаржы • 23 Тамыз, 2022

«Бәйтерек» «Сбербанк Қазақстанды» сатып алды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараптар Сбербанктің еншілес банктегі барлық үлесін сату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәйтерек» «Сбербанк Қазақстанды» сатып алды

«Бәйтерек» ұлттық холдингі мен «Сбербанк» АҚ ЕБ сату-сатып алу туралы мәмілеге қол қойғаны жайлы холдингтің ресми сайтында жарияланды.

Баяндамада Сбербанктің қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүдделеріне сай әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдағаны атап көрсетілген. 

«Сбербанк Қазақстан» жоғары сападағы несие портфеліне ие және көп жылдар бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі болып келді. «Сбербанк Қазақстанды» сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде «Бәйтерек» холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады», деп жазылған хабарламада.