Қазақстан • 23 Тамыз, 2022

Қаңтар оқиғасында полицейлерге шабуылдаған екі күдікті сотталды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер барысында полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық жасаған екі айыпталушыға сот үкімі жарияланды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасында полицейлерге шабуылдаған екі күдікті сотталды

 

«5 қаңтарда Семейде болған тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшісіне дене жарақатын салған. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», деді Санжар Әділов.

3 қаңтарда Өскеменде полиция қызметкерлерінің заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттерінің жолын кесу кезінде қала тұрғыны оларға зорлық-зомбылықпен қарсылық көрсеткен. Өскемен сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық көрсету фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс өндіріске алынған, жақын арада олар сотқа жіберіледі», деп толықтырды С. Әділов.