Қоғам • 23 Тамыз, 2022

БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Белгісіз біреулер «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлеріне қоңырау шалып, салымшының зейнетақы шотының құлпын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толықтыруды сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

«БЖЗҚ мұндай қоңыраулар мекеме қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді. Мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені үзуді сұраймыз. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарына сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның өндіріп алуы мүмкін емес. Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды», делінген қор хабарламасында.