«Жаңа туындымның оркестрлік жазбасы үшін ұшып келдім. Латынамерикалық достарымның өтініші бойынша испан тілінде музыка жаздым. Концертке дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр», дейді танымал әнші Димаш Құдайберген.
Еске сала кетсек, бір айдан соң, нақтылай айтқанда, 23 қыркүйекте Алматы қаласындағы орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің Stranger атты концерті өтеді.
Сонымен қатар әншінің Алматы қаласындағы концертіне әлемнің 36 елінен тыңдармандар билет сатып алғаны туралы ақпараттар жариялануда.