Белгілі болғандай 2007 жылы Монакода жасалған 40 метрлік Saga яхтасы Италиядағы Катанзаро теңіз жағалауынан 15 шақырымдай жерде суға батып кеткен.
Италияның жағалау күзеті Галлиполиден Милаццоға бара жатқан борттағы тоғыз адамды, оның ішінде төрт жолаушы мен бес экипаж мүшесін құтқарған. Яхтаның неліктен суға батып кеткені әзірге белгісіз.