Елорда • 24 Тамыз, 2022

Елордада «Үздік шиномонтажшы-2022» байқауы өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Үздік» жобасы аясында елордада автосервистің барлық өкілдері арасында «2022 жылдың Үздік шиномонтажшысы» байқауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Үздік шиномонтажшы-2022» байқауы өтеді

Байқаудың мақсаты – осы мамандық түрін танымал ету, кәсіби дағдыларды жетілдіру, автомобильдерге қызмет көрсету сапасын арттыру және т.б.

«Үздік жобасы» NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Байқау демеушісі - «Alem Auto Trade» ЖШС шина орталығы.

Байқауды биыл 24 тамызда Мустафина көшесі, 48   орналасқан «Alem Auto Trade» шина орталығында өткізу жоспарланып отыр, оған 20-дан астам адам қатысады.