Елорда • 24 Тамыз, 2022

Елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Demalys promenad аллеясында 25-28 тамыз аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 25-28 тамыз аралығында таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңкеде кәсіпкерлердің де, отандық өндірушілердің де тауарлары төмен бағамен ұсынылады.

Сөрелерде ата-аналар мен балалар мектеп керек-жарақтарының барлық түрлерін таба алады. Онда қаламдар, дәптерлер мен түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін болады.

Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, «Құқық» қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл ретте балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар.

Мектеп жәрмеңкесі концерттік бағдарламамен жалғасады.