Оқиға • 24 Тамыз, 2022

Кентаудың бұрынғы әкімінің үкімі өзгеріссіз қалдырылды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық соты пара алғаны үшін сотталған Кентаудың бұрынғы әкімінің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кентаудың бұрынғы әкімінің үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың адвокаттарының апелляциялық шағымын қарады.

Судья Федотованың төрағалық етуімен алқа ашық сот отырысында Махажановқа, Түмебаевқа және Бобрышевқа қатысты қылмыстық істі қарап, олардың адвокаттарының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 13 шілдедегі үкіміне шағымы негізінде келіп түскен, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 431-бабының 1-бөлігінің 1-тармағымен сотталғандарға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қорғаушылардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ», деп хабарлады судья Ирина Федотова.

Айта кетейік, пара алу бойынша делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып сотталғандар Түмебаева мен Бобрышеваға қатысты үкімнің заңды күшіне енген бөлігі нақтыланып, қамауға алынып бас бостандығынан айырылғанға дейін қамауда болған уақыт бір тәулікке есептелді. Соттың қаулысы заңды күшіне енді. Ол бір жыл ішінде кассациялық сатыда қаралуы мүмкін.

Еске салайық, 13 шілдеде Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сот процесі аяқталды. Оған Кентау қаласындағы МЖӘ жол жөндеу серіктестігінің директорынан 42 500 000 теңге  көлемінде пара алды деп айып тағылды. Сот оны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.