ANTIKOR • 24 Тамыз, 2022

Фармбақылау департаментінің басшысы сөгіс алды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысына сөгіс жарияланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Фармбақылау департаментінің басшысы сөгіс алды

«Осы жылдың 1 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дулат Тұрманов қызметінен босатылды. Ал 3 тамызда Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев ведомстволық бақылаудың жоқтығы үшін «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Айта кетсек, осы жылдың шілдесінде сот үкімімен басшының орынбасары Тұрманов бірқатар тұлғадан клиникалық практикаға жіберуге маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Оған 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.