Қазақ ғылымының айтулы өкілі, Әл-Фараби бабамызды атажұртына оралтқан Ақжан әл-Машанидің ғылыми мұрасын қамтыған жинақ таяуда жарық көрді. Оған ұйытқы болған – көрнекті оқымыстының келіні Зада Дүйсенбаева. Кітапқа ғұламаның қазақ ғылымына қосқан үлесі, Әл-Фараби мен Абайды ұштастыра зерттеген зерделі еңбектері, қазақ интеллигенциясын қалыптастыру бағытындағы ізденістері, ұлттық геология, соның ішінде бұрын аталмай келген маркшейдерлік іс, өзге де тақырыптар бойынша зерттеушілердің дүниелері топтастырылып отыр екен.
Шынында, әл-Машани қазақ жұртынан шыққан айтулы тұлға еді. Ол Қаныш Сәтбаев іргетасын құйып, керегесін қалап, шаңырағын көтерген Ұлттық ғылым академиясын құрғандардың қатарында болды. Тұңғыш рет Әл-Фараби туралы ой айтып, Отанына оралтты. Қазақ тілінің жанашыры болып, қазақ сыныптарын ашуға жасы келіп қалған кездің өзінде белсене атсалысып, «Тілің болмаса Әл-Фараби, Абай кімге керек. Қазақ жұрты сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған, екі сөйлемеген, айтқанында тұрған, меңзегенін орындатқан», деп бабалар салтын санаңа судай сепкен. Енді, міне, сол алып қазақтың өмір жолын, өнегелі жолын қамтыған еңбектің тұсаукесер рәсімінде белгілі ғалымдар: міржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы, елордадағы Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов, профессор Диқан Қамзабекұлы, қоғам қайраткері Жекен Қалиев, өзге де зиялы қауым өкілдері сөз алып, әл-Машани туралы естеліктер айтты. Ой өрбіткендер ендігі жерде әл-Машани атын Отанымыздың өңірлерінде жаңғыртып көшеге, мектепке берсе деген тілектерін де алға тартты. Шынында, геология-минерология ғылымы мен ұлт руханиятын таразының басындай тең ұстап, халықтық үлгіні, тірек болар тілді кейінгі жасқа сырын оңдырмай, сынын кетірмей жеткізсем деп өмір бойы еңбек еткен ғалымға қандай құрмет көрсетсек те жарасары сөзсіз.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35