Қазақстан • 24 Тамыз, 2022

Қазақстан мен Үндістан Қорғаныс министрлері өзекті мәселелерді талқылады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Раджнатх Сингхтің екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Үндістан Қорғаныс министрлері  өзекті мәселелерді талқылады

Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.

«Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», деп жазылған хабарламада.