Саясат • 24 Тамыз, 2022

Қымбатшылықтың кесірінен құрылыс тоқтап тұр

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Жақында депутат Самат Мусабаев Amanat партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өңірдегі құрылысшылар мен жобалаушы ұйым өкілдері, мемлекеттік және жеке сараптама қызметін көрсететін ұжым өкілдерімен кездесті.

Қымбатшылықтың кесірінен құрылыс тоқтап тұр

Жиында құрылыс саласының мамандары жобалық-сметалық құжаттың дұрыс жасалмайтынын айтып, әр тарап өздері­нің уәждерін жеткізіп, құрылыс саласындағы кемшіліктерді талқыға салды.

Компания басшылары құ­рылыс материалдарының қымбаттағанын, соның салдарынан құрылыс жұмыстарының кешігіп жатқанын, сондай-ақ оны жалғастыру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлінсе деген ұсыныстарын айтты.

«Басты мәселе – жобалық-сметалық құжаттың дұрыс жасал­мауы. Бұған кім кінәлі: құрылысшы ма, жобалау­шы ұйым ба, әлде сараптау ұйымы ма? Жиында осы мәсе­ле ұзақ талқыланды. Бұ­дан кейінгі үлкен мәселе – құ­рылыс материалдарының қымбаттауы. Бүгінгі таңда осы қымбатшылықтың кесірінен тоқтап қалған құрылыстар­ды жүргізу үшін бюджетті қай­та қарау керек», деді Самат Мұсабаев.

Депутат алдағы уақытта атал­ған мәселелерді бақылауына ала­тын жеткізді. Сонымен қатар Мәжілістің баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, депутат Аманжол Әлтай Ұлы­тау облысының Жезқазған қала­сындағы киім және тұрмыстық және техникалық мақсат­тағы бұйым­дарды өндіретін «Ютария» ЖШС еңбек ұжымы­мен кездесті.

Жезқазған қаласындағы цехта бүгінгі таңда 300-ден аса қызметкер үш ауысымда еңбек етеді. Тігіннен бөлек, бұл мекеменің қала бойынша бірнеше сауда орталығы бар. Оның бірі Жезқазған және Сәтбаев қалаларының ортасында орналасқан гипермаркет екі қаланың тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Жиында депутат ұжым қызметкерлерінің жалақыға қа­тысты талап-тілектерін тың­дап, өндірістік салада еңбек етіп жүрген азаматтардың мә­се­лелерін алдағы уақытта көтеретінін жеткізді.