Әлем • 25 Тамыз, 2022

Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония елге кіретін туристердің лимитін екі есе арттыруға, сондай-ақ шекарадан өту үшін COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсету қажеттілігі туралы ережені жоюға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz Executivetraveller.com сайтына сілтеме жасап.

Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетті

Жапонияда туристер үшін қатаң талаптар әлі де бар. Үкімет оларды біртіндеп жеңілдете бастады. CNN телеарнасының мәліметінше, келесі айда туристердің бір күндік лимиті 20 мыңнан 50 мың адамға дейін артады.

Ал Nikkei газетінің хабарлауынша, билік тестілеу талаптарын біртіндеп жеңілдету мүмкіндігін қарастыруда.

Қазір саяхатшылар Жапонияға келгенге дейін 72 сағат ішінде жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуі керек.

Жапония ұлттық туристік ұйымының мәліметінше, елде маска тағу, температураны тексеру, қозғалыс еркіндігін шектеу деген сынды белгілі бір ережелер бар.

Егер 2019 жылы Жапонияға 32 миллион адам келген болса, 2021 жылы бар болғаны 250 мың турист келді. Өткен жылы Жапонияға жіберілген шетелдіктердің шағыны 120 миллиард иен (872 миллион доллар немесе 405 миллиард 865 миллион 160 мың теңге) болды.

Жапон туризм агенттігінің хабарлауынша, 2019 жылы олар 4,8 триллион иен жұмсады, бұл қырық есе көп.