Аймақтар • 25 Тамыз, 2022

Агроөнеркәсіп саласындағы қызметкерлер бюджет қаржысын жымқырған

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингтік агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агроөнеркәсіп саласындағы қызметкерлер бюджет қаржысын жымқырған

«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

«Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: олар фермерлерге өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырған, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған.

Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35