Білім • 25 Тамыз, 2022

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі орташа жалақы 312 мың теңге, ал мектептердегі мұғалімдердің орташа жалақысы 343 мың теңгені құрайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

«Біз жалақы бойынша 2019 жылғы статистика мен 2022 жылдың екінші тоқсанындағы статистиканы салыстырдық. 2019 жылы еліміздегі орташа жалақы 168 мың теңге болса, орта білім деңгейі бойынша орташа жалақымыз 115 мың теңгені құрады. Яғни, елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда төмен. 2022 жылдың екінші тоқсанында еліміздегі орташа жалақы 312 мың теңге болса, орта білім деңгейі бойынша орташа жалақы 343 мың теңгеге жетті. Демек, орташа жалақыдан сәл жоғары. Бұл – Президенттің алға қойған тапсырмасы», деді Асхат Аймағамбетов Алматы білім форумы барысында.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың  қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы тағы 25%-ға өседі.

«Жалпы алғанда оқытушының мәртебесін көтеру және олар үшін әдеттен тыс функцияларға тартпау, жауапкершілікті азайту, жалақыны көтеру, ЖОО-лардың академиялық еркіндігімен және педагогикалық мамандықтар бойынша бітірушілерді аттестаттау жүйесімен қатар, іс-шаралар кешені, бізге қажетті нәтиже береді. Мен болашаққа және әріптестерімізді мектептерге жұмысқа тарту мүмкіндігіне сеніммен қараймын», деді министр.