Қаржы • 25 Тамыз, 2022

Доллар бағамы өсті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге көтеріліп, 465,05 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы өсті

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 67,86 теңгені (+0,51) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ, ал рубль бойынша әлі аяқталған жоқ.

Ұлттық банк еуроны 459,62 теңгеге, ресей рублін 7,7 теңгеге белгіледі.

Қазіргі уақытта айырбас пункттерінде америкалық долларды 467-472 теңгеден, еуроны 469-475 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,2-7,7 теңге.

Сондай-ақ 25 тамыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны барреліне $101,84 құрады, бұл алдыңғы бағадан 0,61%-ға жоғары.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 0,51%-ға қымбаттап, бір баррелі $95,37 болды.