Аймақтар • 25 Тамыз, 2022

БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған

«ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.