Қоғам • 25 Тамыз, 2022

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

«Министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.

Сондай-ақ, мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды», делінген хабарламада.