Спорт • 26 Тамыз, 2022

«Астана» топ ортада келеді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Вуэльта» көпкүндігінің бесінші кезе­ңі аяқталды. Өкінішке қарай, «Аста­наның» велошабандоздары көңіл көн­шітерлік нәтиже көрсете алмай келеді.

«Астана» топ ортада келеді

Испанияның солтүстігіндегі Ирун мен Биль­бао қалаларын жалғастыратын 187 ша­қырымдық қашықтықта Вадим Пронский сегізінші орынды иеленді. Жерлесіміз бірін­ші орынды олжалаған испаниялық Марк Со­лерден (UAE Team Emirates) біраз қалып қойды. Екінші және үшінші орындарды ОАР-дың өкілі Дэрил Импи (Israel - Premier Tech) мен ұлыбританиялық Фред Райт (Bahrain – Victorious) еншіледі.

Жалпы есепте Парижде іргетасы қаланған Groupama – FDJ клубы сапында өнер көрсетіп жүрген 32 жастағы Руди Молар көш бас­тады. Фред Райт екінші орынға көтерілсе, Германияның Team DSM командасының жейдесін киген неміс спортшысы Никлас Арндт үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал «Аста­наның» көшбасшысы Мигель Анхель Лопес 32-сатыға табан тіреді.