Спорт • 26 Тамыз, 2022

«Автомобилистен» айласын асырды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Челябі қала­сында өтіп жатқан «Губер­натор кубогы» жо­лындағы жарысты Нұр-Сұл­танның «Барысы» жеңіспен бастады.

«Автомобилистен» айласын асырды

Тұсаукесер кездесуінде жер­лестеріміз Екатеринбургтің «Автомобилисінен» айласын асыр­ды. Дәл осы командадан «Барыс» осыдан бірер күн бұрын Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған «Президент кубогының» овертаймында жеңілген еді. Бұл жолы кеткен есені қайтарды. Бірінші кезеңнің бел ортасында Джесси Грэм берген әдемі пастан кейін Никита Михайлис есеп ашты. Үзілістен кейін де осы есеп сақталды. Тек үшінші кезеңде ғана екі ко­манда ширақ қимылдап, бір-бірінің қақпасын аңдумен болды. Ақыры дамылсыз шабуыл­дар өз нәтижесін берді. 50 минутта Брукс Мэйсек таразы ба­сын теңестірді. Бірақ «Ав­томо­билист» ойын­шы­ларының қуа­ныштары ұзаққа созылмады. Арада екі минуттай уақыт өт­кенде Михайлис нысананы қайта дәл көздеп, матчтың соңғы нүктесін қойды – 2:1.

Кеше «Барыс» жергілікті «Трактор» клубымен күш сынас­ты. Келесі ойынды елордалықтар сенбі күні Магнитогорскінің «Металлургімен» өткізеді.