Спорт • 26 Тамыз, 2022

Жеті жүлдемен оралды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вьетнамның Хошимин қа­ласында паратаэквондодан Азияның ашық біріншілігі аяқталды. Түрлі жас ерек­шеліктері бойынша өткен жа­рыста 15 мемлекеттен кел­ген 70-ке жуық спортшы бақ сынады.

Жеті жүлдемен оралды

Жерлестеріміздің арасынан Мәлік Мұқашевтың өнеріне тәнті болдық. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды жаттықтыратын ол дүбірлі додаларға өзі де жиі қатысып, елге үнемі олжалы оралып жүр. Мәселен, былтыр Түркияда өткен әлем чемпионатында 80 кило салмақта сынға түскен Мәлік жеңіс тұғырының ең биік саты­сына көтерілді. Бұл жолы да таэквондошы қарсылас шақ кел­тір­меді. Тағы бір бас жүлде та­нымал спортшы Кәмила Дос­ма­ловаға бұйырды. Ол 57 кило сал­мақта топ жарды.

Хошиминде тағы төрт спорт­шымыздың алтын алуына жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда ақтық сында ұтылған Ны­сан­бек Айдарбеков (58 кило), Бауыр­жан Көшербаев (63 кило), Нұр­лан Домбаев (80 кило) және Ны­шан Өмірәлі (+80 кило) күміс ме­дальді мойындарына ілді. Аса ауыр салмақта айқасқан Әлішер Гариполлаев қолаға қол созды.

Жалпы есепте Иран мен Өзбек­станды алға жіберген Қа­зақ­стан құрамасы үшінші орынды иеленді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Спорт­тық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Нұржан Есілбаев чемпионаттың қоры­тын­дысы бойынша ең үздік бапкерге тиесілі арнайы сыйлықты иеленді.