Әлем • 26 Тамыз, 2022

«Біз тек стратегиялық әріптестер емес, одақтастармыз»

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Әзербайжан Пре­зиденті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы құжаттарға қол қою рәсімінен кейін баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Біз тек стратегиялық әріптестер емес, одақтастармыз»

Сапар аясында қол қойылған құжаттар екі ел қарым-қатынасы үшін бұдан да кеңірек құқықтық негіз болмақ. «Әрине, бұл құжаттардың ішінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету туралы қол қойылған Декларацияны ерекше атап өткім келеді. Біз тек стратегиялық әріптестер емес, сонымен қатар одақтастармыз. Бұл, әрине, бізге ерекше жауапкершілік жүктейді және біз бұл жауапкершілікке дайынбыз», деді Әзербайжан Президенті.