Спорт • 26 Тамыз, 2022

Қазақстан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында 15 медаль алды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таэквондодан Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы Азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан кадеттер арасындағы Азия чемпионатында 15 медаль алды

Хошиминде өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Мырзағали Сұрановтың шәкірттері 4 алтын, 6 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды. 

Бірінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі: 

1 орын – Нұрперзент Саматұлы, 33 келі 

1 орын – Достан Нәжімханов, 49 келі 

1 орын – Ярина Пуганцова, 29 келі 

2 орын – Нұрай Амангелді, 37 келі 

2 орын – Дарын Зейнеш, 57 кг 

2 орын – Теміржан Тасқын, 41 келі

3 орын – Жұмабек Нұрайым, 44 келі 

Екінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі: 

1 орын – Медет Елемесов, 53 келі, 

2 орын – Айым Серікбай, 33 келі 

2 орын – Ақбота Желеу, 41 келі 

2 орын – Бекет Болатұлы, 45 келі 

3 орын – Торғын Әлімхан, 47 келі 

3 орын - Ольга Власюк, +59 келі 

3 орын – Артур Пак, 61 келі 

3 орын - Әміржан Иманбаев, +65 келі