Аймақтар • 26 Тамыз, 2022

Тараз-Шымкент тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамызда сағат 6:00-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Республикалық маңызы бар автожолының 590 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз-Шымкент тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды

VOLVO FH жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі Тараз қаласы жағынан Түркістан облысы бағытында келе жатқан. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, жолда тұрған басқа жүк көлігіне соғылыпты.

Жол бойында тұрған фураның ішінде Түркістан облысының 37 жастағы тұрғыны отырған.

Жол апаты салдарынан VOLVO FH жүк көлігі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.

«Жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген Жамбыл облысының Полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Полицейлердің айтуынша, жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.