Айта кетейік, Оттава қаласының орталығында орналасқан қонақүй қызметкері өткен жұма күні қабырғада ілулі тұрған портрет 1998 жылы қабырғаға ілінген түпнұсқа емес, көшірме екенін анықтаған. Ол бұл фотоның фотограф Юсуф Карш түсірген бөлмедегі бес портреттен өзгеше екенін, жақтауы сәйкес келмейтінін байқаған.
20-шы ғасырдың ең танымал фотографы Карш 1941 жылы Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Черчилльді Оттаваға келген кезінде темекісіз суретке түсірген.
Кәсіби тексеруден кейін қонақүй фотосуреттің шынайы емес екенін растады. Оттава полициясы қазір портретті ұрлау фактісін тергеп жатыр.
Айта кетейік, қонақ үйде 15 түпнұсқа сурет бар. Оның алтауы Черчилльдің портреті бар залда орналасқан.